Слова популярных песен » Тексты песен » Маржан Арапбаева - Қазақ елі осындай | Текст песни
Маржан Арапбаева - Қазақ елі осындай | Текст песни
0 0 00
Караоке
Видео
На этой странице опубликован текст и минусовка песни "Қазақ елі осындай". Исполнитель - Маржан Арапбаева. Послушайте песню на смартфоне или компьютере. Или устройте караоке вечеринку с любимыми песнями.

текст песни
Маржан Арапбаева - Қазақ елі осындай

Текст песни

Қарашы қазақ еліме,
Қарашы қазақ жеріме,
Кең өлке - Сарыарқасы,
Береке, дән алқасы.
Мереке, ән алқасы.

Арайлы, алтын таңдары,
Жайдары жарқын жандары.
Азғарлы арманы бар,
Аспанды таулары бар,
Бақшалы баулары бар.

Қайырмасы:
Иә, солай! Иә, солай!
Қазақ жері осындай!
Иә, солай! Иә, солай!
Қазақ елі осындай!

Алатау, Алтай арасы,
Еділ мен Ертіс саласы,
Үстірт пен терістігі,
Көрінбес кемістігі.
Қиырсыз кеңістігі.

Даладай дархан пейілді,
Анадай артқан мейірі,
Біртұтас халқымыз бар,
Мызғымас қалпымыз бар.
Әлемге даңқымыз бар!

Иә, солай! Иә, солай!
Қазақ жері осындай!
Иә, солай! Иә, солай!
Қазақ елі осындай!

Көгінде күлген ай, күні
Шалқыған шалқар тау-қыры
Сарқылмас кеніміз бар,
Айтулы көліміз бар,
Айбынды еліміз бар!